• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

69 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды

69 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Людмила Плотникова алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, ол өмір бойы ресми құжатсыз жүрген. Осыған дейін 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланып келген, алайда кейін оны жоғалтып алған.

"Ұзақ уақыт бойы Людмила Плотникова жаңа құжатты қажет етпеген, дегенмен Қазақстан Республикасының азаматтық мәртебесін қалпына келтіру үшін Алтай ауданының көші-қон қызметіне жүгінуге шешім қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.

Көші-қон қызметкерлері оған барлық жағынан қолдау көрсетіп, қажет құжаттарын жинауға көмектесіп, мұқият тексеріс жүргізіп, тиісті органдарға сұрау салған.

Биыл ақпанда ол барлық рәсім аяқталған соң алғаш рет жеке басын куәландыратын құжатын алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget