687 бөтелке сыра, 409 қорап темекі: СҚО-да жер үйден алкоголь мен темекінің ірі партиясы табылды

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде заңсыз алкоголь сату фактісін анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған ақпаратты тексеру үшін келген полиция қызметкерлері жергілікті әйелдің үйінен құрамында спирт бар 497 литр өнім, яғни 687 бөтелке сыра мен бес литрлік 29 бөтелкеге құйылған лицензияланбаған арақ тәркіледі. Сонымен бірге акциздік маркасы жоқ 409 қорап темекі тәркіленді.

Қазіргі уақытта тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік қызметпен айналысу фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып жатыр.

Ауыл тұрғынына айыппұл салынуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!