“68 жасында тұрмысқа шықты“. Дана Нұржігіт анасы туралы айтты

“68 жасында тұрмысқа шықты“. Дана Нұржігіт анасы туралы айтты
Фото: instagram.com/dana_nurzhigit/

Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт Динара Сәтжанға берген сұхбатында анасы туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол анасына ұқсамағанын жеткізді.

"Менің анам 68 жасында тұрмысқа шыққан. Мен үнемі анамнан "сізде бар әйел энергия неге менде жоқ?" деп сұрайтынмын. Ол нағыз мықты әйел болды. Біз үйде 4 ағайындымыз, 3 қыз, бір інім бар. Менде де, менің әпкемде де анамда бар биязылық пен назданғыштық жоқ. Анама осы секілді сұхбаттан кейін келіп, өзгенің ауыр тағдыры туралы айтсам, "Құдай аясын, шай ішейік" деп жауап беретін. Ол бәрін жеңіл жібереді. 

Анам Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында жұмыс істеді. Театрдағы жақсы болсын, жаман болсын, барлық опера әншісі "дива". Анам қайда барса да сахнаға шыққандай жүреді. Оның әртүрлі түстегі мың аяқкиімі болды, ол нағыз әйел. Ал мен мұндай емеспін", – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Дана Нұржігіт екінші некесі туралы сөз қозғап, тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеді.

Тележүргізуші екінші күйеуінің үстінен арыз түсіріп, оны сотта жеңіп шықты. Сот 7 отырысқа созылған. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә