АҚШ-та кинотеатр иесі 65 жыл бұрын жоғалған әмиян тауып алып, оны иесінің жақындарына қайтарды. Бұл туралы New York Post жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Әмиянды Джорджия штатының Атланта қаласындағы Plaza театрының иесі Крис Эскобар тапты. Кинотеатр 1939 жылы салынған. Ол - қазір қаладағы ең көне ғимарат. 1958 жылы жоғалған зат дәретхана қабырғасының артында жатқан. Ал иесі бұл жерде бұрын қойма болғанын айтады.
Эскобар әмиянды ашып, өткенге саяхат жасағанын мойындады. Онда әмиян иесінің отбасының ақ-қара суреттері, жаңа Chevrolet көлігін, сақтандыру карталарын ұтып алуға мүмкіндік беретін лотерея билеті болыпты. Сонымен қатар, әмиянда жабылып қалған екі супермаркеттің карталары және бензин чектері табылған.
Алайда басты олжа Флой Калбрет есімді адамның жүргізуші куәлігі болды. Эскобар әйелімен бірге интернеттен іздеп, 71 жастағы Теа Чемберленді тапқан. Ол - Калбреттің, яғни әмиян иесінің қызы. Егде жастағы әйел кинотеатрдан небәрі 20 минуттық жерде тұратыны белгілі болды.
Чемберлен бұл жаңалыққа қатты қуанған. Оның сөзінше, анасы жексенбілік мектепте сабақ берген, тіпті қалада церебральды сал ауруына шалдыққандарға қаражат жинау үшін гольф турнирін ұйымдастырған.
Кинотеатрдан әмиянды алып кетуге Калбреттің балалары, немерелері, тіпті шөберелері келген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!