65 жастан асқан қазақстандықтарға көшеге шығуға шектеу қойылды. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында айтылды.
Қазақстандықтар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында 65 жастан асқан адамдардың көшеде жүруіне шектеу қойып, оларға азық-түлік пен дәрі-дәрмектің жеткізілуін қаматамасыз ету қажеттігі жайлы айтылды.
Бұған дейін мемлекеттік комиссия 28 наурыз күнгі сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекіткен болатын:
1. Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
2. Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
3. Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
4. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа);
5. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.