65 жастағы ақсақал Меккеге велосипедпен барып, 6700 шақырым жол жүрд

65 жастағы ақсақал Меккеге велосипедпен барып, 6700 шақырым жол жүрд
Фото: Видео кадры

Орал қаласының 65 жастағы тұрғыны Жәрдем Атауов велосипедпен Оралдан Меккеге дейін және кері қарай 6700 шақырым қашықты жүріп өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтың сапары төрт айға жуық уақытты алды. Қажылыққа бару оның көптен бергі арманы болған. Алайда мұндай ұзақ жолға шықпас бұрын, ер адам мұқият медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы табанды жаттыққан.

Ол велосипедпен өткен сапарының әр күнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отырды. Туған жеріне оралған күні жерлесімізді туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget