64 жастағы маңғыстаулық Ақтаудан Парижге велосипедпен шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін маңғыстаулық Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына велосипедпен жету үшін жолға шықты.
Раббим Борашев - Бейнеу ауданының тумасы 64 жаста. Ол зейнет жасына дейін құрылыс саласында қызмет етті. Соңғы жылдары велосипед тебуге қызығушылығы оянып, бірнеше велошеруде бақ сынады.
Велошабандоздың айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін біраз дайындықты қажет еткен. Жоспар бойынша ол 7 мемлекет аумағын кесіп өтіп, 5000 шақырымды еңсереді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз