Маңғыстаулық Раббим Борашев 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Парижде өтетін жазғы олимпиада ойындарына велосипедпен жету үшін жолға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының "Қоғамдық коммуникация орталығына" сілтеме жасап.
Раббим Борашев - Бейнеу ауданының тумасы, ол 64 жаста. Ол зейнет жасына дейін құрылыс саласында қызмет еткен. Соңғы жылдары велосипед тебуге қызығушылығы оянып, бірнеше велошеруде бақ сынады.
Велошабандоздың айтуынша, Парижге велосипедпен жету үшін біраз дайындық қажет. Жоспар бойынша ол 7 мемлекет аумағын кесіп өтіп, 5000 шақырымды еңсереді.