Қырғызстанда мүгедек қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс Жоғарғы сотқа жіберілді. Бұл ақпаратты 24.kg агенттігіне құқық қорғаушы Камиль Рузиев растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғаушының айтуынша, зардап шеккен тараптың адвокаттары Ыстықкөл облыстық сотының материалдарды Түп аудандық сотына қарау үшін қайтару туралы шешімін жойып үлгерген.
"Бұл өте жақсы. Бұл соттың бейтарап әрекет ететінін көрсетеді, өйткені бірінші саты ақтау үкімін шығаруы мүмкін деген қауіп бар. Облыстық сот іс бойынша дәлелдер жеткіліксіз деп есептеп, жауапкер барлығын жоққа шығарды. Бірақ бұлтартпас дәлел бар - ДНҚ сараптамасы", - деді Камиль Рузиев.
Оның айтуынша, қыздың отбасына және өзіне айыпталушының туыстары қоқан-лоқы көрсетіп жатыр.
Ақпанда Түп аудандық соты 64 жастағы айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айырған.
Еске салайық, ДНК сараптамасы ер адамның қыз босанған баланың әкесі екенін растады. Сотталушының қорғаушысы сараптама қорытындысын заңсыз деп жоғары тұрған органға шағымданған.
Заңгерлердің айтуынша, жүктіліктің бесінші айында церебрал сал ауруына шалдыққан 16 жастағы қыз қан кетіп, ауруханаға түскен. Жасөспірімге ота жасалғанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!