63 блогер табысын ашық көрсеткен

63 блогер табысын ашық көрсеткен
Фото: depositphotos.com

13 наурыздағы ақпарат бойынша 63 блогер қосымша 2 768 400 000 теңге табысын өз еркімен декларациялады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы көрсетілген сомадан блогерлер 105 миллион теңге салық төлеген.

Айта кетейік, жуырда қаржы вице-министрі Ержан Біржанов блогерлерге салынған салық туралы жаңа мәліметтерді айтты.

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин де салық төлемегендер тізіміне енген қазақстандық блогерлер қарыздарын өтей бастағанын айтты. 

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық блогерлерге 53 млрд теңге төлеуге бір ай уақыт берілді. Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 594 адам кірісін жалпы сомасы 53,3 миллиард теңгеге төмендеткен. Енді блогерлер нақтыланған салық есебін тапсырып, салық төлеуі керек немесе 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруі қажет.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова салық органдарына қазақстандықтардан шағым түскенін мәлімдеді. Ол блогерлерге хабарламалар 2025 жылғы ақпанда 2022 және 2023 жылдардағы деректерді талдау нәтижесінде жіберілгенін айтты.

Мемлекеттік кірістер комитеті бұдан кейін де әлеуметтік желілерде тарап кеткен блогерлердің тізімі мен олардың табысы туралы ақпаратқа пікір білдіріп, бұл тізім ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салық тексерісіне қатысы жоқ екенін айтты.

Артынша Мемлекеттік кірістер комитеті блогерлерге қатысты тағы бір мәлімдеме жасап, 19 ақпанда жалпы сомасы 9,8 млрд. теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарлама кері қайтарылғанын хабарлады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова