Павлодар облысында 14 жыл бұрын болған қылмыс ДНҚ сараптамасы арқылы ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2012 жылы бау-бақша қоғамдастығы аумағында белгісіз біреу 62 жастағы әйелді зорлап, өлтірген. Сол кезде қылмыскерді анықтау мүмкін болмаған. Бірақ істі ашу бойынша жұмыс жалғасқан.
Жедел қызметкерлер мен криминалистер істі қайта зерделеген. Тексеріс нәтижесінде күдікті анықталған.
Ол 1964 жылы туған, бұрын сотталған ер адам болып шықты. ДНҚ сараптамасы оның қылмысқа қатысы барын растаған. Ер адам кінәсін мойындаған.
Ол ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз