Жетісу облысында ірі қара мал ұрлығы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот талқылауының қорытындысы бойынша Сарқан ауданының алты тұрғыны 61 бас ірі қара мал ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Мал иелеріне келген жалпы шығын көлемі - 28,8 млн теңге.
Тергеу барысында күдіктілер алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені анықталған. Олар ұрланған малды Алакөл ауданы аумағынан Сарқан ауданына айдап әкеткен.
"Күдіктілер малдың бір бөлігін сойып, етін сатуды жоспарлаған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қылмыстарға қатысы бар барлық адам анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен алты адамның барлығы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова