60 мың теңгенің банкноты. Әзіл видеоны кім шығарып жүргені анықталды

60 мың теңгенің банкноты туралы видео әзіл болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-та ПТК-арнасы түсірген. Әзіл арна түсірген видеода "журналистер" банкнотты жасаған "автормен" сөйлеседі. Ол өз кезегінде 60 мың теңгелік банкнотқа Қызылорда қаласының көрнекті жерлерін бейнелеуді шешкенін айтады. 

Видеода әзілкештер өңірдегі өзекті проблемаларды көтереді. 

"Банкнотта Сырдария көрсетілген. Бірақ оны алып тастауымыз мүмкін. Себебі Сырдария тартылып жатыр ғой. Киік бар. Бірақ "шүкір" браконьерлер оны қырып жатыр, мүйізін сатып. Бұл да әлі бекітілмеген, себебі ол да жоқ болып кетуі мүмкін", - делінген видеода.

Ал әзіл ретінде түсірілген видеодағы банкнотқа 60 мың теңгені таңдауға елдегі орташа жалақының мөлшері себеп болған. 

@perowsk

♬ оригинальный звук - ПТК арнасы

Еске салайық, бұған дейін 60 мың теңгелік банкноттар пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда Ұлттық банк өкілдерінің сөзінше, бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Яғни бүгінде айналымда 60 мың теңгелік банкнот жоқ. Айналымдағы ең үлкен банкнот - 20 мың теңге. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!