60 млн теңге алған: Астанада заңсыз көші-қон арнасы әшкере болды

Астанада заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорданың екі тұрғыны шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандар Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жалған құжаттар мен мәліметтер ұсынып, соның негізінде шетел азаматтарына заңсыз түрде тұрақты тұруға рұқсат берілгені анықталды.

"Олар бұл заңсыз әрекеті үшін мүдделі тұлғалардан ақшалай сыйақы алып отырған. Сот отырысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындады. Барлық мән-жайды ескере отырып, сот оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекет кірісіне жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың ресей рублі өндірілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз