Төтенше жағдайлар министрлігі балалар терезеден құлаған оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, күн жылығанда, сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады. Биыл жыл басынан бері 60 жазатайым оқиға туралы ақпарат түскен. Бес бала оқиға орнында қайтыс болған, 55 бала түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.
2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген. Әдетте қауіп ересектердің қарауынсыз қалған 2 жастан 13 жасқа дейінгі балаларда. Көбіне қайғылы оқиғалар балалар москит торларына сүйенген кезде болып жатады, себебі бұл торлар салмақты көтермейді.
"Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілді", - деді ТЖМ өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналар мен балалардың заңды өкілдерін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!