Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 593 метр болатын су тасқыны болған.
6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 593 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.
Автомобиль жолдарындағы жағдай туралы біздің ресми сайттан онлайн көре аласыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!