Астанада қаржы пирамидасынан миллиондаған теңге табыс тауып, шартты жаза алған тұрғынның ісі қайта қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Елорда тұрғыны 2023 жылдан 2025 жылға дейін қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Оған 6,2 мыңнан аса адам тартылып, ұйымдастырушының табысы 337 млн теңгеге жеткен.
Оған мүлкін тәркілемей, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.
Іс қайта қаралады
Алайда Бас прокуратура тағайындалған жеңіл жазамен келіспеген. Кассациялық сот прокурордың наразылығы бойынша сот актілерінің күшін жойып, істі жаңа сот талқылауына жіберген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова