- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 6 млн теңге:...
6 млн теңге: Шымкентте бапкерлер мемлекет қаражатын жымқырған
Шымкентте 6 миллион теңге мемлекет қаражатын заңсыз жымқырған 2 бапкер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Олар 2 жыл бойы белбеу күресінен спортшыларды басқа қалаларға оқу-жаттығу жиындарына барды деп жалған жол жүру құжаттарын өткізген. Қылмыстық әрекеті сот барысында дәлелденіп, жаттықтырушылар 1 және 2 жылға бас бостандығынан шектелді.
"Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді", – дейді Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Жанерке Атыкова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы