Түркияда алты күннен бері іздестіріліп жатқан бала табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатайдың Искендерун ауданында 6 күн бойы іздеген бала табылды. Баланың 9 түрлі қылмыс жасаған С.Г-мен бірге болғаны анықталып, күдікті қолға түсті.
Хатай губернаторлығының мәлімдемесіне қарағанда 23 қазан күні із-түссіз жоғалып кеткен А.Ф-ны іздеу жұмыстары басталған. Провинциялық полиция департаменті іздеу кезінде А.Ф-ның Нумуне ауданында 9 түрлі қылмыс жасаған С.Г-ның қасында екенін анықтады.
Жүргізілген операция нәтижесінде С.Г. ұсталды, ал бала үйіне жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!