Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумға қатысушыларға тыныштық күні қандай әрекеттер жасауға болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үгіт-насихат жұмыстары бүгін түнде сағат 00:00-де аяқталады. Бұл уақытқа дейін үгіт жүргізуге рұқсат етілген. Ертең тыныштық күні басталады, онда кез келген үгіт-насихат шараларына тыйым салынады. Дауыс беру күні де үгітке байланысты кез келген әрекетке заңда құқықтық жауапкершілік қарастырылған", – деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы Әбдіров.
Сондай-ақ тыныштық күні қоғамдық сауалнамалар жүргізуге де тыйым салынады.
"Сонымен қатар қоғамдық пікір сауалнамаларының, референдумға қатысты зерттеулердің және дауыс беру нәтижелерінің болжамдарының сайлау күні БАҚ пен онлайн платформаларда жариялануына да жол берілмейді. Дауыс беру орындарында қоғамдық пікірге сауал жүргізуге де тыйым салынады", – деді ол БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз жиынында.
Айта кетейік, референдумге дауыс беру 6 қазан күні өтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!