6 қарашада тағы жер сілкінісі болатыны рас па?

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен. 

ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.  

ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады. 

Алматы облысының білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды. 

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!