Синоптиктер 6 қаңтарда елдің 15 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын, екпіні күшті жел мен бұрқасын соғатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Қарағанды облысының түнде орталығында, оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Астанада тұман, көктайғақ.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі.
Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Павлодар облысының батысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында тұман, түнде және таңертең облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз