Ақмола облысында көлік жүргізушісі абайсызда алты жылқыны қағып кетіп, өлтіріп алды. Көлік құралына механикалық зақым келді, жүргізушісі дін аман, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 9 сәуірде сағат 04.10 шамасында "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 127-ші шақырымында болды.
"44 жастағы "Lexus RX-450" маркалы көлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында келе жатып, 6 бас малдың (жылқы) өліміне әкеліп соқтырған жол апатына жол берді. Көлік құралына механикалық зақым келді. Тәртіп сақшылары дереу Ақкөл қаласының 62 жастағы табыншысын анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 408-бабы, "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Зардап шеккен адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!