- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 6 жыл бұрын...
6 жыл бұрын жоғалып кеткен астаналық табылды
Ақмола полицейлері алты жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адамды тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы тұрғынының орналасқан жерін анықтады.
2018 жылғы жазда ер адамның әпкесі Астана полициясына арызбен жүгінген. Ол ағасы үйден кетіп, қайта оралмағанын айтқан.
Жоғалған адамды іздеуге тек елордалық полиция қызметкерлері емес, сонымен қатар, облыстық полиция да назар аударды. Ол басқа облыстарда да іздестірілді. Ұзақ іздеуден кейін жоғалған тұрғын мемлекетаралық іздеуге жіберілді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде ер адам Қорғалжын ауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Қазір оның ұзақ уақыт қайда жүргені анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова