- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "6 жасар немеремді...
"6 жасар немеремді қорлап, қанын жарға жаққан". Ақтөбе тұрғыны жанайқайын жеткізді
Ақтөбе тұрғыны 6 жасар немересін жоғары сынып оқушылары асқан жауыздықпен қорлады деп айыптады. Оның айтуынша, сараптама анық болса да, күдіктілер 2 жылдан бері жауапқа тартылмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл сұмдық жайттың мән-жайы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды.
"Олар баламның шашын жұлып, қорқытып, ұрып-соғып, әбден қорлап, құйрығынан шыққан қанды жарға жаққан. Соны тергеуші тапты", - деді ол.
Ақтөбе тұрғынының айтуынша, немересі сыртқа шығудан қорқып қалған. Ал сараптама анық болса да, іс 2 жылға созылып келеді, ал күдіктілер жауапқа тартылмай жүр.
"Психологқа 5 ай көрсеттім. Психологтың алдында сол 4 баланың, 3 унитаздың суретін қайта-қайта салады. Баламның басына ине тыққан, ол қазір инеден де қорқады. Көргенсіздер. 4 бала да, ата-аналары да, мұғалімдер де жазаланған жоқ. Баламның апармаған жерім жоқ", - дейді баланың әжесі.
Бұл оқиға болған кезде бала небәрі 6 жаста болған. Бала сабақ айтудан да, мектепке барудан да қорқып қалған.
"Туалетке барғанда ұлымды 4 бала ұстап алып, шашын жұлып, аяғынан езіп, шалбарын шекізген", - дейді баланың анасы.
Ал мектеп директоры мұндай жағдайдың болмағанын алға тартты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек