6 балға дейін: Жамбыл облысының қай ауылдары жер сілкінісін сезді?

Жамбыл облысында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 8 шілдеде Астана уақытымен 14.30-да жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 334 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметінше:

  • Құлан а. 6 балл;
  • Мерке а. 5 балл;
  • Шу қ. 3 балл;
  • Сарыкемер а. 3 балл;
  • Төле би а. 3 балл;
  • Тараз қ. 3 балл;
  • Аса а. 2 балл;
  • Мойынқұм а. 2 балл;
  • Қордай а. 2 балл;
  • Бауыржан Момышұлы а. 2 балл;
  • Қаратау қ. 2 балл;
  • Тұрар Рысқұлов а. 2 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.

Сол күні Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.

Кейінірек Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!