- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 6 айда қанша...
6 айда қанша қазақстандық банкрот деп танылды?
2024 жылғы 6 айда 13 мыңнан аса қазақтандық банкрот деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 6 айда мемлекеттік бюджетке 8,9 трлн теңге түскен.
Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың банкроттығы мен төлем қабілетін қалпына келтірудің заманауи институтын құру бойынша белсенді жұмыс істеді. Жаңа заңды енгізудің нәтижесінде 43 млрд теңге берешегі бар 13 мыңнан аса азамат банкрот деп танылды.
Сонымен қатар 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларды жалпыға бірдей декларациялаудың 3-кезеңі шеңберінде 1 млн-нан аса есеп келіп түсті. Оның барысында бизнес-құрылымдар «кіру» декларациясын тапсырады.
Экспорттық-импорттық операциялар бойынша валюталық бақылау функциясының бір бөлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Бірінші жартыжылдықта құқық қорғау органдары жалпы сомасы 3,3 млрд доллар болатын орындалмаған міндеттемелер тергеу үшін 335 материал қарауға алды.
А. Есен