Елордада криптовалютаны заңсыз айыпбастап, қомақты пайда тапқан астаналық 2,6 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
"Соттың үкімемен криптовалютаны заңсыз айырбастаған тұрғын 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Ол цифрлық активтер саласында лицензиясыз криптовалюта айырбастаумен айналысып, 6 айда 342,8 миллион теңге көлемінде заңсыз пайда тапқан", - деп жазылған хабарламада.
Прокурордың талабымен сотталушының заңсыз тапқан табысы мемлекет пайдасына өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін криптовалюта айналымына қатысты Қаржы мониторинг агенттігі маңызды ескерту жасаған еді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!