6 ағылшын тілді мектеп ашылған: Қазақстанда қанша аралас мектеп бар?

Елімізде қанша мектеп қазақ тілде, орыс тілде және аралас тілде білім береді? Бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда өзгерді ме? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. 

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 миллионнан аса оқушы мектепке барды, оның 352 мыңы - бірінші сынып оқушылары. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеген еді. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 7 941 мектеп бар. Оның 4,2 мыңға жуығында қазақ тілінде білім беріледі. 2,6 мыңнан аса аралас (қазақ, орыс, ағылшын тілінде оқытатын - еск.), 1,1 мың орыс тілінде оқытады. Бұдан басқа, ұйғыр тілінде білім беретін 5 мектеп, ағылшын тілінде білім беретін 6 мектеп бар. 

Қазақстандағы мектептердің пайыздық көрсеткіші

Анықтама үшін: 2023 оқу жылында 6 909 мемлекеттік мектеп жұмыс істеді, оның ішінде 3 743 мектепте оқыту қазақ тілінде, 1055 білім беру ұйымында орыс тілінде, 2106 мектепте аралас тілде, 5 мектепте ұйғыр тілінде жүргізілді.

Биыл 1032 мектеп ашылған. Қазақ тілді мектеп саны шамамен 500-ге көбейген. Аралас мектептер деңгейі де біраз өскен, ал орыс тілінде білім беретін 45 мектеп ашылған. 

2023 жылы көрсеткіш қандай болды?

2022 жылы көрсеткіш қандай болды?

Айта кетейік, күрделі жөндеуден өткен 178 мектеп 1 қыркүйекте ашылды.

Үкімет баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, жаңғырту жұмыстары жүргізілген 1 мыңға жуық ауылдық орта білім беру мекемесі де өз жұмысын бастады. 

Сондай-ақ, оқушыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1,7 миллион оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылса, бұл былтырмен салыстырғанда 300 мың балаға артық. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!а