Алматы облысының Полиция департаменті адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22 фигурантты (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізген.
"Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды рәсімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңге болған, осындай сегіз дерек анықталды", - делінген хабарламада.
Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шаралары нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжат, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес трансплантациялау кезінде адам ағзалары мен тіндерін алып-сатуға тыйым салынады. ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы бойынша "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!