- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 5G қолданыстағы интернеттен...
5G қолданыстағы интернеттен жүз есе жылдам болады
Жақында халықаралық телекоммуникация бірлестігі (ITU) интернет жылдамдығының бесінші ұрпағының нақты мүмкіндіктерін анықтады. Ағымдағы жылдың 18 маусым күні өткен халықаралық конференцияда бірлестіктің 12 мүшесі 5G-дің секундына 1 гигабит ақпаратты өңдей алатынын растады. Бұл туралы Korea Times жазып отыр.
Қазіргі қолданыстағы 4G жылдамдығы секундына 10 Мбит болып табылады. Ал 5G жылдамдығы секундына 1000 Мбитке дейін жетпек. Жаңа үлгідегі жоғары жылдамдық 4K сападағы видеоларды көруге мүмкіндік беретін болады.
Ғаламтордағы дереккөздерге орай, халықаралық бірлестіктің соңғы шешімі ағымдағы жылдың қазан айында белгілі болады. Жылдамдықтың ғаламдық жиіліктегі үлгісі 2019 жылдан бастап енгізілмек. Ал 2020 жылға қарай 5G ғаламтор жылдамдығы Жердің кез келген тұрғынына жетуі жоспарланып отыр. Одан бөлек, бесінші ұрпақтың ресми таныстырылуы 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында ұйымдастырылмақ.
Ж. Өрісбай