- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "59 жастағы күзетшіге...
"59 жастағы күзетшіге күш қолданған". Оралда кәсіпорыннан ақша ұрлағандар видеоға түсіп қалды
Оралда кәсіпорыннан ақа ұрлағандардың әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 тамызда түнгі 01:11 кезінде Орал полиция басқармасының кезекші бөліміне белгісіз біреулердің қаладағы кәсіпорындардың бірінің ғимаратына кіріп, 59 жастағы күзетшіге қатысты күш қолдана отырып, ішінде 30 мың теңге көлемінде қаржы салынған темір сейфті көтеріп алып кеткені жөнінде хабар түскен.
Одан әрі қылмысқа барғандар кәсіпорын ғимаратының ауласында тұрған Largus автокөлігіне отырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Автокөлік және сейф қаладағы көшелердің бірінен табылды. Сейф ашылып, ішіндегі ақша қылмыскерлердің қолында кетті.
Аталған қылмысты ашуға Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің және Орал полиция басқармасының барлық қызметі жұмылдырылды. Күдікті ретінде бес тұлға анықталып, қолға түсті. Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан