58 жастағы қазақстандық спортшы Паралимпиада финалына шықты

58 жастағы қазақстандық спортшы Паралимпиада финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

Суда жүзуден Токио Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Париждегі жарыстың финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz.

58 жастағы спортшы 42.85 уақыт көрсеткішімен S4 классында еркін стильде жүзуден финалға өтті.

Финал бүгін Астана уақыты бойынша 23:03-те өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін пара дзюдодан Ерғали Шәмей J1 санаты бойынша, S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Сиязбек Дәлиев финалға шыққан болатын. 

О. Сансызбай