Шымкентте полиция есірткі жеткізу арнасының жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тараз қаласының 58 жастағы тұрғыны мен Жамбыл облысының 51 жастағы тұрғыны ұсталып, олардан 30 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді.
Бұл есірткі заттарын олар 1,5 миллион теңгеге сатпақ болған.
Қазіргі таңда жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда.
Полиция есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!