565 метр! Аспанмен таласқан ең биік көпір туралы не белгілі?

Аспанмен таласқан ғаламшардағы ең биік көпір туралы не белгілі? Толығырақ Massaget.kz тілшісі материалында. 

Қытайлықтар аспанмен таласқан көпірді салып аяқтады. Шетелдік сарапшылар бұл көпірді салуға 100 жылға жуық уақыт керек деген еді, алайда қытайлықтар оны 3 жылда салып бітірген. Бұл - Гуаньлин-Синъи экспресс жолының бөлігі.

 

Бұл көпірдің ұзындығы кей деректерде 565 метр деп көрсетілсе, енді бірінде 528 метр делінген. Ал ұзындығы - 1340 метр. Бұл көпірдің ортасында тіректер жоқ, ол тек аспалы арқандармен бекітілген. Көпір тіректері U әрпі тәрізді. Көпір Бейпаньцзян өзенінен 366 метр биікте орналасқан, әлемдегі ең биік көпірлердің бірі. 

Желідегі ақпаратқа сәйкес, бұл көпірді салуға бір миллиард юань (шамамен 68 848 321 352 теңге) жұмсалған. Ол 2016 жылғы қазанда пайдалануға берілген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!