Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің басшылары және 8 бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жай
Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге үкім шығарды.
"Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы ретінде аудару арқылы 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімі
- Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Бухгалтерлерге бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындалды.
Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ, қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 2023 жылы осы саладағы ақша жымқыру көлемі 17 млрд теңгеден асса, 2024 жылы 22 миллион теңгеге дейін азайған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова