- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 550 баланың әкесіне...
550 баланың әкесіне шәует тапсыруға тыйым салынды
Нидерланды соты кем дегенде 550 баланың әкесіне шәует (сперматозоид) тапсыруға тыйым салды. Ол тыйымды бұзған жағдайда 100 000 еуроға дейін айыппұл төлейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Джонатан М. 41 жаста. Одан жүкті болған әйел мен Donorkind қоры "жаппай донор" берушіні сотқа берген. Өйткені баласы әлеуметтік желілерде әлеуетті ата-анасын іздеген.
Donorkind мәліметінше, талапкер бұл адамды 2018 жылы танысу платформасы арқылы тапқан. Ол голландиялық клиникалар ұсынысын орындауға уәде берген. Бірақ кейінірек әйел Джонатан М. тек голландиялық клиникаларда 100 баланың әкесі болғанын білген. Оның жеке және даниялық клиника арқылы әр түрлі елдердегі клиенттерге жіберген ұрығынан қанша бала дүниеге келгенін анықтау мүмкін болмаған. 2007 жылдан бері донор ретінде ол кем дегенде 550 баланы дүниеге әкелген.
Сот олардың барлығында инцест қорқынышымен байланысты "жағымсыз психоәлеуметтік салдардың ықтималдығы" жоғары екенін айтты. Гаага аудандық сотының мәлімдемесінде: "Сондықтан бұл туыстық желінің кеңеймеуі олардың мүддесі үшін керек", - делінген.
Донордың адвокаты сотта Джонатан М. басқа жолмен бала көтере алмайтын ата-аналарға көмектескісі келетінін айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан