55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді алуы үшін не істеуі керек?

55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді алуы үшін не істеуі керек?
Фото: Көрнекі сурет: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін 55 жасқа толған кеншілер арнаулы төлемді алу үшін не істеу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр арнаулы төлемді алу үшін ешқандай мемлекеттік органға барудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

"Министрліктің ақпарат жүйесі сынақтан өтті. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол пайдалануға дайын. (Арнаулы төлем) проактивті түрде және 4 көзден «Азаматтық үкімет» порталы арқылы бір төлеммен төленеді.

Еңбек ресурстарының порталында жұмысшы өзінің төлем мөлшерін көре алады. Ол жеке кабинетіне кіріп, логин теріп, авторазациядан өтеді. Осылайша, жұмыс берушіге өтініш жібереді. Содан кейін жұмыс беруші сол өтініш арқылы еңбек шартын бұзады. Осы ақпаратты ол біздің жүйемізге енгізеді. Сол кезде біз макет даярлап, төлемдерді төлейміз", - деді Светлана Жақыпова Үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін вице-министр Назгүл Сағындықова кеншілер арнаулы төлемді алу үшін жұмыс орнындағы кадрлар бөліміне бару керегін айтқан еді.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz