Атырауда полиция есірткі өсірген және сақтаған күдіктілерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы кезінде Атырауда қарасора өсірген және кептірілген марихуана сақтаған 54 жастағы күдіктіні ұстады. Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 3 келіге жуық қарасора және кептірілген марихуанна тәркіленді.
Сондай-ақ өзінің тұрғын үйінің ауласында 117 түп қарасора өсімдігін еккен 74 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!