- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 53 бала: биыл...
53 бала: биыл жазда қанша адам суға кетті?
Фото:
pixabay.com
Жазда қанша адам суға батқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, суға түсу маусымы 3 айға, яғни 1 маусымнан 31 тамызға дейін созылған.
Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарған.
"Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті. Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Балалардың суға батуының басты себебі - оларды ересектердің қараусыз қалдыруы", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова