Елдос Айтуғанов бүгінде TikTok-та танымал блогерлердің бірі. Оның парақшасына 523 мыңнан аса адам жазылған, видеоларына 36,3 миллион лайк басылған. Блогердің екінші парақшасындағы оқырмандары да белсенді: 171 мың оқырманы бар. Ол парақшасында да лайк саны аз емес. Екінші парақшасындағы видеоларына 10 миллионнан аса лайк басылған. Massaget.kz тілшісі блогермен сөйлесіп, контент жүргізу және TikTok-та табыс табу жолдары туралы сұрады.
Елдос - Қызылорда облысының тумасы, ата-әжесінің қолында өскен. Жасы 25-те. Тұңғыш немере болғандықтан ата-анасы дәстүр бойынша атасы мен әжесіне берген екен. Өзінен бөлек қарындасы мен екі інісі бар. Бүгінде ол TikTok-та інісі Әлиханмен әзіл видеолар түсіріп, көптің көңілінен шығып жүр.
@yeldosaytuganov ???
♬ оригинальный звук - @yeldosaytuganov
Бастапқыда Елдос "жұмбақ жігіт" форматында видеолар түсіріп, таныла бастаған болатын. Түсініктірек болуы үшін, Елдос көпке танылған форматтағы видеолар осы:
@yeldosaytuganov_blog Загадочный вернулся
♬ Mariners Apartment Complex - Lana Del Rey
Алайда Елдос кейіннен тек інісімен отбасылық видеолар түсіруге көшті.
"Ол форматта видео түсірмей кетуімнің себебі - TikTok-та әр кезеңде белгілі бір трендтер пайда болып отырады. Ол тренд белгілі бір уақыт аралығында ғана белсенді болады. Ол екі апта немесе бір болуы мүмкін. Кейіннен адамдар ондай форматтан жалыға бастайды. "Жұмбақ жігіт" трендінің де уақыты өтті, адамдар жалыға бастады, содан кейін түсірмей кеттім", - дейді тиктокер.
@yeldosaytuganov ??до конца, усы?
♬ orijinal ses - ✵ Z L O O Y İ D E Y A ✵
Артынша блогер інісімен видеолар түсіре бастады. Видеолар оның оқырмандарына бірден "өтіп" кетті.
"Ініммен түсірген видеолар жақсы өтетінін алғашқы роликтен-ақ байқадым. Інімде кішкентай кезінен харизмасы, тәтті қылықтары барын байқайтынмын. Соны басқа адамдар да көрсін деп жай ғана видеоға билетіп түсіріп, салдым. Бөліскен видео 2 миллионнан аса қаралым жинады. Сол кезден-ақ інімнің шамасын, қолынан келетінін байқай бастадым. Ініммен түсірген видеоларға хейт көп болмаса да бірен-саран болды. Олардың ішінде көбіне Әлиханның салмағына байланысты сөздер айтылды. Інім томпақ болғандықтан "Тамағына неге қарамайсыңдар? Неге тамақ көп бересіңдер?" дегендей пікірлер жазылды. Бірақ біз ол пікірмен келіспейміз. Себебі біздің отбасымызда кішкентай кезімізде бәрі сондай томпақ болған. Денсаулығы мен тамақтануын бақылап отырамыз", - дейді Елдос.
@yeldosaytuganov У кого лучше получилось?
♬ оригинальный звук - @yeldosaytuganov
Блогердің сөзінше, інісі Әлихан әуел бастан видео түсіруге қарсы болмаған. Керісінше, оқырман саны көбейген сайын өзі де шабыттанып жүреді екен. Елдостың ата-анасы да еш қарсы болмаған.
Елдос Айтуғанов TikTok-тағы табыс туралы да сөз қозғады. Оның сөзінше, TikTok-та табыс табудың екі жолы бар.
"Біріншісі - парақшада жарнама жасау арқылы табыс табуға болады. Біздің негізгі табыс көзіміз - тек жарнама. Екінші жолы - TikTok-та тікелей эфирге шығып, донаттың көмегімен ақша табуға болады. Яғни оқырмандарыңыз сізге TikTok-тағы сыйлықты жібереді, ал сіз сол сыйлықты ақша ретінде шығарып алсаңыз болады. Бірақ көп уақытыңызды тікелей эфирде отыруға арнауыңыз керек. Біз ол әдісті қолданбаймыз.
Негізі, TikTok - тілін таба білген адамға өте табысты жұмыс. Мұғалім болсаңыз да, тіс дәрігері болсаңыз да, кәсіпкер болсаңыз да кез келген бағытта блог жүргізіп, сол арқылы табыс таба аласыз. Біздің қоғамда TikTok - тек балаларға арналған, түк пайдасы жоқ деген стереотип бар. Өз басым ол пікірмен келіспеймін", - дейді Елдос.
@yeldosaytuganov Знакомо?
♬ original sound - sissy
Елдос Айтуғанов TikTok алдағы бес жылда әлі де танымал болатынын айтады.
"TikTok дәуірін жоғалтып алғанның өзінде қазіргі заманда барлық нәрсеге бейімделе білу керек. TikTok кетсе басқа платформа ашылуы мүмкін. Оған да бейімделеміз деп ойлаймын", - дейді блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!