Ұдмұрт Республикасында ер адамның миынан оқ алынды. Оқ ер адамның миында 30 жылдан бері трған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ер адам дем алуы қиындап, дәрігерлерге келген. МРТ жасар алдында дәрігерлер ер адамның миынан оқ тауып алған. Бұған дейін ер адам оқ туралы бейхабар болған.
"Септумды түзету операциялары біз үшін әдеттегі тәжірибе, жыл сайын біздің бөлімшеде 1000-нан астам адамның мұрыннан тыныс алуы қалпына келеді. Операция алдында міндетті тексеру тізіміне бас және параназальды синус СКТ кіреді. Бірақ бұл жағдайда суретте біз пациенттің миында оқ бару байқадық, ол туралы ер адам білмеген", - деді Ұдмұрт Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің бас оториноларингологы Сусанна Арутюнян.
Оқ ер адамға бұған дейін ешқандай кедергі келтірмеген. Қазір 52 жастағы ер адамның жағдайы жақсы, ол ауруханадан шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!