Астанада 52 жастағы ер адам пәтерден күртеше мен ақша ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға жергілікті тұрғыннан пәтердегі ұрлық туралы арыз түсті. Полицейлер күдіктінің танысының үйіне келгенде пәтер есігі ашық болғанын анықтады. Содан кейін ер адам жеке бөлмеге кіріп, еркін қол жеткізу арқылы жаңа күртеше мен ақша ұрлап кеткен.
Ұсталған адам ұрланған затын сатып үлгермеген. Қылмыс жасады деген күдікпен Алматы аудандық қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері 52 жастағы адамды ұстады. Жедел уәкілдер қаскүнемді бейнебақылау камералары арқылы анықтады.
Ол жасаған қылмысын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз