Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жөнінде екінші оқылымда қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат Ұлықбек Тұмашинов құжат аясында Отбасына банкіне жаңа құзырет берілетінін айтты.
"Президенттің тапсырмасы бойынша Отбасы банкін толыққанды даму институты етіп, азаматтарды есепке қою мен тұрғын үйлерді бөлуді орталықтандыруға бағытталған нормалар көзделген. "Тұрғын үймен қамту орталығы" жаңа электрондық мәліметтер базасын құру қөзделеді", - деді депутат.
Заң бойынша әкімдіктерден тұрғын үйді тіркеу, есепке алу және бөлу Отбасы банкінің құзыретіне беріледі. Нәтижесінде банктің мәліметтер базасында баспанаға мұқтаж адамдардың тізімі болады.
"Заң жобасында әскери қызметті атқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде, сондай-ақ адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдардың отбасын бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша норма енгізілген", - деді Ұлықбек Тұмашинов.
Құжатты барысында оған келесідей түзетулер енгізілді:
Мәжіліс депутаттары заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.
Депутат Ұлықбек Тұмашинов заң аясында жалдамалы пәтерде тұрып жатқан 51 мың адам баспанасын жекешелендіре алатынын жеткізді.
"Тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі 2017 жылы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы негізінде басталды. Сондықтан бүгінгі заң аясында сол пәтерде тұрып жатқан адамдарға пәтер жекешелендіруге беріледі. Бұрын ондай құқық болмаған. Халықта да сұрақ көп болды. Олар "Бізді шығарып жібермей ме? " деп алаңдады. Заң аясында ондай жағдай болмайды. Егер ол адамдар пәтерді жекешелендіре алмайтын жағдай болса да, тұрғын сол пәтерлерде тұра береді", - деді ол.
Депутат заң күшіне енген жағдайда, жалдамалы пәтерді Отбасы банкі арқылы жекешелендіруге болатынын атап өтті.
"Үйді жекешелендіру үшін қазақстандық сол пәтерде 5 жыл тұруы керек. Содан кейін жекешелендіре алады. Әрине, қалдық құнымен бірге. Қалдық құны дегенді түсіндірейін. Мысалы, 2017 жылы үй 8 млн теңге тұрса, (біраз жылдан соң) нарықтағы құны 16-17 млн теңге болуы мүмкін. Ал сіз сол пәтерде бастапқы бағасымен аласыз. Пәтердің тағы амортизациясы болады. Ол жылда азайтылып отырады. Осылайша, 8 млн теңге тұратын пәтердің құны 7 млн теңге болады. Бұл да көмек. Ал нарықта бұл пәтерлер 16-17 млн теңге тұрады", - деді Ұлықбек Тұмашинов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!