Шымкентте жекеменшік мектептердің бірінде асхана, тамақтану мәселесіне қатысты дау шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушылары Шымкенттегі жекеменшік мектептердің асхана, тамақтану мәселесіне қатысты шығарылған қаулыға наразылығын білдірді. Олардың айтуынша, қаулыда ыстық тамаққа әр балаға күніне 500 теңгедей ақша ата-аналардың есеп шотына аударылатыны айтылған. Бұл туралы басқарма басшысы да айтқан. Алайда ата-аналар бұл соманы аз екенін айтқан.
"Мемлекеттік емес жеке кәсіпкерлер мектеп соғады, әр баланы мемлекет қаржыландырады. Енді ыстық тамақ беруге қауқарсыз болса, Білім сапасын бақылау департаменті қалай рұқсат қағаз береді? Қаржыны мемлекет берсе, кітапты мемлекеттің есебінен сұрауды ата-аналарға "итермелеп" отырса, енді тамақтануды да мемлекет берсе, несі жекеменшік? Жекеменшік мектептер көбейеді. Бірақ ұстап тұра алмаса, қаржыландыра алмаса, лицензиядан айыруды сұраймын", - деп жазған Желі қолданушылардың бірі.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілдері бұған қатысты пікір білдірді
"Бүгінде еліміздің ешбір өңірінде балалардың тамақтануына бөлінген қаражат ата-аналардың есепшотына аударылмайды. Балалардың тамақтануы білім беру ұйымдарында жүзеге асатынын хабарлаймыз", - делінген жауапта.
Тағы да оқи отырыңыз: Ағылшын тілінде қанша деңгей бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!