- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 500 миллион теңге...
500 миллион теңге шығын: Ақмола облысында автокөліктер есепке заңсыз қойылған
Ақмола полицейлері 500 миллион теңге сомасына заңсыз есепке қою фактілерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мамыр айының ортасында Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалған құжаттарды пайдалана отырып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактілерін анықтады.
Шығын көлемі 500 млн теңге болды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 30 жастағы жігіт анықталып, оның іске қатысы тексеріліп жатыр.
Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан