- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық іс
500 миллион теңге: Алматыда ерлі-зайыпты алаяқтарға алданып қалған
Алматыда алаяқтар Ұлыбритания азаматы мен оның әйелін жарты миллиард теңгеге алдап кеткен. Полицейлер бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны Анжела Бобылева наурызда ұлыбританиялық күйеуі екеуі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтқан видео жариялады. Оның айтуынша, олар барлық мүлкінен, атап айтқанда, үш жер телімінен, оның ішінде бір үйден айырылған. Әйел алаяқтармен бірқатар мәмілеге келгеннен кейін оның мүлкі 380 миллион теңгеге сатылғанын айтады. Отбасына келтірілген шығынның жалпы сомасы 500 миллион теңгеден асады.
"Тағы бір ойдан шығарылған сатып алушы баспанадан шығару туралы арыз беріп, аудандық сотта жеңіп шықты, қазір іс қалалық сотта апелляциялық сатыда, 11 желтоқсанда екінші сот отырысы болады", - деді жәбірленуші.
Бобылеваның айтуынша, мамырда олар Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция бөлімі мен прокуратурасына арыз жазған. Алайда әйелдің айтуынша, осы уақыттан бері олардың ісінде төрт тергеуші ауысып, тергеу әрекеттері түрлі сылтаулармен созылып, қағазбастылықпен жүргізіліп жатыр.
Күдікті жанжалға дейін бостандықта болған, кейін ол елден кетіп қалған.
Алматы полициясы Әуезов аудандық полиция бөлімі алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын айтты.
"Күдіктілерді ұстауға және жәбірленушінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында әдеттен тыс алаяқтық схемасын жасады деген күдікпен ер адам ұсталған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек