15 қазанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 21 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оны тексеру кезінде ұнтақ заты бар 50 zip-пакет табылып, тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Мұндай қылмыстар бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Жыл басынан бері облыс полицейлері есірткі заттарын өткізудің 37 фактісін анықтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!