50 шақты адам отырған автобус аударылған: Маңғыстау облысындағы жол апатына қатысты жаңа дерек шықты

Маңғыстау облысындағы жол апатына қатысты жаңа дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, 16 қаңтарға қараған түні Ақтау-Бейнеу тасжолында жол апаты болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан автобус жол жиегіне аударылған. 

"Жол апаты салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тапты. 42 жолаушы түрлі дене жарақатын алып, олардың 17-сі ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаториялық ем алуға жіберілді", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында 50 шақты адам отырған автобус аударылып қалғаны хабарланды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!