• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“50 мың тұрғынның сұрағы шешілді“ - Досаев Алматыдағы су мәселесі туралы

“50 мың тұрғынның сұрағы шешілді“ - Досаев Алматыдағы су мәселесі туралы
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде инфрақұрылым мәселесін шешу, алыс орналасқан шағынаудандарды сумен жабдықтау, оларды кәріз жүйесімен қамтамасыз ету туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, бүгінде бұрын көтерілген көптеген мәселе шешімін тапқан.

"Былтыр Каменск үстірті бойынша қаншалық дүрліккенін бәрі ұмытты. Қазір ауданның 50 мың тұрғыны тұрақты сумен қамтылды, бұл мәселе қайта көтерілмейді. Бұл - мен үшін үлкен жетістік. Биыл ауданның батыс бөлігінде жұмыс істейміз, ал келесі жылы шығыс бөлігіне, оның ішінде су бұру жүйелері мен желілердің құрылысын қолға аламыз. Себебі тұрғындар септиктерді пайдаланғандықтан, таулар жылжуына қауіп төнеді", – деді қала басшысы.

Айта кетейік, Медеу ауданындағы ірі инфрақұрылым жобаларын іске асыру аясында бұрын су мен кәріз жүйесі болмаған алыс шағынаудандар қамтылған. Осылайша биыл наурызда Каменск үстірті шағынауданының батыс бөлігінде 7 мың тұрғынды сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50 шақырым тарату желілерінің құрылысы басталады. Жұмыс 2026 жылы қыркүйекте аяқталады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, биыл Мұзтау, Сұлусай, Атырау, Алатау, Кіші Станица және Таулы қырат шағынаудандарында тағы 100 шақырым су құбыры мен кәріз желілері салынатыны айтылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget